Қытай – Еуропа – Қытай қатынасындағы контейнерлік тасымалдардың өсімі жеті темір жолмен қамтамасыз етілуде

2019 жылдың 2-3 сәуірінде Алматыда Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар тасымалы бойынша Жұмыс тобының төртінші отырысы болып өтті.

Отырысқа Қазақстан, Қытай, Беларусь, Германия, Моңғолия, Польша және Ресей теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысуда. Жұмыс тобының мүшелері Қытай-Еуропа-Қытай бағдары бойынша тасымалдауды ұйымдастыруға қатысты 2019 жылдың бірінші тоқсанының және 2018 жыл қорытындысын шығарды.

Қытай темір жолдары статистикасы мәліметінше, 2018 жылы Қытай-Еуропа-Қытай қатынасында 4128 контейнерлік пойыз (Ресей мен Беларуссияға белгіленген контейнерлік пойыздарды есептемегенде) ұйымдастырылған, бұл 2017 жылғыға қарағанда 59% артық.

Қытай – Еуропа – Қытай бағытында Қазақстан аумағы арқылы 286 мың ЖФБ контейнерлер тасымалданса, бұл 2017 жылғыға қарағанда 61% көп.   

Материал #railwayskz алынды