РО-РО паромдарын Құрық - Әзербайжан бағытына дайындауда

«Құрық порты» ЖШС өкілдері - бас директор Еркін Нығметов және маркетинг және логистика жөніндегі атқарушы директор м.а. Дамир Шушаков Стамбул қаласының Тузла ауданындағы (Түркия) кеме жасау зауытына барып, қазақстандық Po-Po паромдарын жаңғырту жұмыстарымен танысты.

15 сәуір, 2026

Сапар аясында порт өкілдері кемені тексеріп, қайта құру жұмыстарының ағымдағы кезеңін бағалап, Құрық порты мен Әзербайжан порттары арасындағы бағыт бойынша флотты одан әрі пайдалану мәселелері жөнінде кеме иелерімен келіссөз жүргізді.

Алғашқы жаңғыртылған паромның Құрық портына келуі 2026 жылдың үшінші тоқсанында күтілетіні атап өтілді. Бұл жүк автокөліктерін өңдеу тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Құрық порты арқылы өтетін жүк көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

slide
slide
slide
slide