Бүгін Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында «Порт Құрық» ЖШС-не Иран Ислам Республикасының Жолдар және қала құрылысы министрі Фарзане Садек ханым келді.
Бүгін Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында «Порт Құрық» ЖШС-не Иран Ислам Республикасының Жолдар және қала құрылысы министрі Фарзане Садек ханым келді.
▪️«Құрық порты» ЖШС Бас директоры Еркін Нығметов Иран делегациясына порттың инфрақұрылымын таныстырды, сондай-ақ оның ағымдағы операциялық мүмкіндіктері мен одан әрі даму перспективалары туралы айтып берді.
▪️Кездесу барысында тараптар көліктік-логистикалық өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, өзара сауда көлемін ұлғайту және транскаспий маршруттарын дамыту мәселелерін талқылады. Мультимодальды тасымалдардың тиімділігін арттыруға және халықаралық жеткізу тізбегіндегі Құрық портының рөлін нығайтуға ерекше назар аударылды.
▪️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға және теңіз бен порт инфрақұрылымы саласындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.