Құрық порты порттық буксир құрылысына арналған кеме жасау зауытын іріктеу рәсімін бастайды

Каспий теңізіндегі Құрық теңіз портының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған порттық буксирді салу үшін «Құрық порты» ЖШС кеме жасау верфін таңдау рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды.

24 маусым, 2026
Каспий теңізіндегі Құрық теңіз портының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған порттық буксирді салу үшін «Құрық порты» ЖШС кеме жасау верфін таңдау рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды.

Верфті таңдау рәсімі ашықтық, айқындық және адал бәсекелестік қағидаттарын сақтай отырып, бәсекелестік негізде жүргізіледі.


Рәсім аясында потенциалды кеме жасау кәсіпорындарының ұзын тізімін (long list) қалыптастыру, техникалық ерекшелікті және коммерциялық ұсыныстарға сұраныстарды жолдау, тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, неғұрлым перспективалы верфтерге техникалық аудит жүргізу, сондай-ақ қысқа тізімге (short list) енген верфтер арасында бәсекелестік рәсімді өткізу жоспарлануда.


Жобаны іске асыру барысы «Құрық порты» ЖШС-нің ресми сайтында тұрақты негізде жарияланып отырады.


Егер жобаға қызығушылық танытсаңыз, кеме жасау верфі туралы, ұсынылатын жоба, буксирдің техникалық сипаттамасы және кеме жасау тәжірибесі туралы толық ақпаратты келесі электрондық поштаға жолдауыңызды сұраймыз: tugboat.project@portkuryk.kz

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда: Хайдаров Нұрлыбекке хабарласыңыз, тел.: 8 (7292) 46-24-82, +7 747 285 77 38.

slide