Қазақстан мен Әзірбайжанның көлік-логистика саласы өкілдерінің делегациясы «Құрық порты» ЖШС-не келді
Қазақстан мен Әзірбайжанның көлік-логистика саласы өкілдерінің делегациясы «Құрық порты» ЖШС-не келді. Оның құрамына Қазақстан-Әзірбайжан Іскерлік кеңесінің тең төрағалары Даурен Бимов пен Эмин Садыг, сондай-ақ Caspian Sea Lines компаниясының серіктесі Фуад Гусейнли кірді.
⠀
«Құрық порты» ЖШС бас директоры Еркін Нығметов делегацияны порттың инфрақұрылымымен, өндірістік мүмкіндіктерімен және даму перспективаларымен таныстырды. Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықты дамыту және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелерін талқылады.