«Құрық порты» ЖШС-не Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінің өкілдері, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков бастаған делегация келді.
«Құрық порты» ЖШС-не Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінің өкілдері, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков бастаған делегация келді.
⠀
Кездесу барысында «Құрық порты» ЖШС Бас директоры Еркін Нығметов қонақтарды Құрық портының инфрақұрылымымен таныстырып, порттың өндірістік мүмкіндіктері, қызметінің негізгі көрсеткіштері және қазіргі жұмыс бағыттары туралы айтып берді.
⠀
Кездесу барысында Құрық портының инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ оның Қазақстанның Каспий теңізіндегі көлік-логистикалық байланыстарын қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.