«Құрық порты» ЖШС-де Орталық Азияның Жастар консультативтік кеңестері делегациясымен кездесу өтті.

«Құрық порты» ЖШС Бас директоры Еркін Нығметов делегация қатысушыларын қарсы алып, порт аумағына таныстыру экскурсиясын өткізді.

24 тамыз, 2026

«Құрық порты» ЖШС-де Орталық Азияның Жастар консультативтік кеңестері делегациясымен кездесу өтті.
⠀
«Құрық порты» ЖШС Бас директоры Еркін Нығметов делегация қатысушыларын қарсы алып, порт аумағына таныстыру экскурсиясын өткізді.
⠀
Сапар барысында қонақтар Құрық портының қызметімен және инфрақұрылымымен, оның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудағы рөлімен, сондай-ақ порттың өңірлік өзара байланыс пен халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызымен танысты.
⠀
Кездесу делегация қатысушыларына Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетімен және елдегі негізгі порттардың бірі – Құрық портының жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

slide
slide
slide
slide
slide
slide