«Құрық порты» ЖШС-не Shanghai International Port Group (SIPG) және NIZE Intelligent Technology делегациясы келді

Бүгін, 6 қыркүйекте, «Құрық порты» ЖШС-не Шанхай портының вице-президенті Лю Чанмань бастаған Shanghai International Port Group (SIPG) және NIZE Intelligent Technology делегациясы келді.

06 қыркүйек, 2026

Бүгін, 6 қыркүйекте, «Құрық порты» ЖШС-не Шанхай портының вице-президенті Лю Чанмань бастаған Shanghai International Port Group (SIPG) және NIZE Intelligent Technology делегациясы келді.

Сапар аясында делегация порттың инфрақұрылымы мен операциялық қызметімен танысты. Кездесуді «Құрық порты» ЖШС Бас директоры Еркін Нығметов өткізді.

Кездесу барысында тараптар порттың қызметі, қазіргі жүк ағындары, дамудың перспективалық бағыттары, сондай-ақ цифрлық шешімдерді енгізу және порт операцияларын одан әрі цифрландыру мәселелерін талқылады.

Сапар заманауи порттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу жолындағы маңызды қадам болды.

slide
slide
slide