«Құрық порты» ЖШС Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттер порттары басшыларының Бакуде өткен конференциясына қатысты.
«Құрық порты» ЖШС Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттер порттары басшыларының Бакуде өткен конференциясына қатысты.
Конференция барысында теңіз тасымалдарын, мультимодальды маршруттарды дамыту, цифрландыру және көлік дәліздерінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Азия елдерінің порттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және халықаралық көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды.
Құрық порты үшін конференцияға қатысу тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік берді.