Азиаттық даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы миссиясы аясында «Құрық порты» ЖШС-не АДБ консультанттарынан құралған делегация келді.
Азиаттық даму банкінің (АДБ) Қазақстандағы миссиясы аясында «Құрық порты» ЖШС-не АДБ консультанттарынан құралған делегация келді.
Делегацияны «Құрық порты» ЖШС Бас директоры Еркін Нығметов қарсы алды.
Сапар барысында АДБ өкілдері порттың қызметімен және инфрақұрылымымен танысты. Тараптар порт және паром кешенінің жұмысы, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, теміржол және автомобиль инфрақұрылымымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ дамудың перспективалық бағыттары мен инвестициялық басымдықтарды талқылады.