АҚШ халықаралық даму агенттігінің өкілдері Құрық портына келді


ҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) Орталық Азиядағы сауда бағдарламасының (ТСА) және ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығының өкілдері Қазақстан аумағымен танысу сапары аясында Құрық портына келді.

Сапардың негізгі мақсаты – Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша сауда көлемін арттыру мүмкіндіктерін зерделеу. Бұл халықаралық көлік дәлізі Орталық Азиядан Еуропаға жүк тасымалдаудың баламалы бағыты болып табылады және сауда мен бизнесті дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие.

Құрық портын аралау барысында ұйым өкілдері бірқатар порт нысандарын аралап, порттың инфрақұрылымы мен мүмкіндіктерімен, сондай-ақ паромдық кешеннің өндірістік қуаты мен өнімділігімен танысты. Айта кетейік, 2022 жылдың 4 айында Құрық порты арқылы жүкті ауыстырып тиеу көлемі 491 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (258 мың) 90 пайызға артық көрсеткішке ие болды.

Делегация мүшелері сонымен қатар порттың баға саясатын зерттеп, қолданылатын процедураларды талдап, цифрландыру бастамаларымен танысты, бұл оларға процедураларды одан әрі жеңілдету бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. 

Фотогалерея