Біздің қызметкерлер


Қайырлы күн құрметті оқырмандар!

«Біздің қызметкерлер» айдарын жалғастырамыз.

Проценко Игорь Борисович – Құрық портының ең құрметті ардагері. «Құрық порты» ЖШС навигация және байланыс қызметінің басшысы.

1974 жылы Киев технологиялық институтын «Электромеханикалық автоматика инженері» мамандығы бойынша бітірген.

Игорь Борисович еңбек тәжірибесі өте үлкен өз ісінің кәсіби шебері. Еңбек жолын 1975 жылы Ровно қаласындағы облыстық жылу жүйелері кәсіпорнында бастаған. Кейіннен 1977 жылы Алматы қаласындағы ЦПКТБ-да инженер-сервис қызметін атқарған. 1978-1989 жылдар аралығында Алматы қаласының Мамандандырылған пайдалануға беру басқармасында іске қосу инженері қызметін атқарды. 1989 жылдан 1997 жылға дейін №31 АЭУАД коммуникация бөлімінің бастығы, сонымен қатар 1997-2016 жж. «Ақтау халықаралық сауда порты» РМҚ кәсіпорнында байланыс, навигация және жағалаудағы радиолокациялық станциялар бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Проценко И.Б. Құрық портының негізін қалаушылардың бірі. Ұжымда үлкен құрмет пен беделге ие. Өз ісінің жоғары білікті маманы ретінде компания қызметкерлеріне үлгі бола білді.

Құрық порты атынан компанияның дамуына қосқан үлесі үшін Игорь Борисовичке алғысымызды білдіре отырып, жұмысына табыс тілейміз. 

Фотогалерея