Транскаспийлік өзара байланыс жөніндегі министрлік кездесу

28 ноября, 2022

Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия Каспий теңізі арқылы өтетін көлік бағыттарын дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Транскаспий өзара байланысы жөніндегі министрлік кездесуге қатысты.

Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен көлік саласындағы министрлері жұмыс істеу жағдайларын жаңғырту арқылы халықаралық көлік маршруттарын жедел дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу бойынша бірқатар мәселелерді қарады және Каспий-Қара теңіз өңірінде кооперацияны нығайту үшін практикалық қадамдар әзірледі.

Министр М.Тілеуберді Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) және «орта дәлізді» дамыту жөніндегі қазақстандық тараптың тәсілдерін баяндады. «Қазақстан бүкіл Каспий өңірінің транзиттік-көліктік әлеуетін неғұрлым толық ашу үшін сындарлы өзара іс-қимыл мен ашық диалогқа бейімделген», – деді ҚР СІМ басшысы.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.Өскенбаев қатысушылардың назарын жүктер тасымалдау жүктемесі бірнеше есе өскен Транскаспий дәлізін одан әрі дамыту жөнінде нақты шешімдер қабылдау қажеттігіне аударды. «Ағымдағы жылдың 10 айында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы ТХКБ бойынша шамамен 1,5 млн. тонна жүк тасымалданып, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 2 есе асып түсті», – деп атап өтті Қ.Өскенбаев.

Қатысушылар көлік әлеуетін дамыту жөніндегі негізгі бағыттарға деген көзқарастардың бірлігін қанағаттанушылықпен атап өтті және үкіметтік деңгейде тікелей байланыстарды жандандыруға өзара мүдделілігін растады.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық тараптар келісілген жұмыс принциптерін, сондай-ақ нақты параметрлері, іске асыру мерзімдері және жауапты орындаушылары бар нақты жобаларды көздейтін 2022-2027 жылдарға арналған «тар» орындарды синхронды жою және «Орта дәлізді» дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды. Уағдаластықтарды іске асыру 2025 жылға қарай дәліз бойынша өткізу қабілетін жылына 10 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Фотогалерея

slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide
slide