Құрық портына Әзірбайжаннан жаңа паром келді

08 мая, 2021

Құрық портына «ASCO» ЖАҚ тиесілі Ro-Pax типті жаңа «Әзірбайжан» теңіз көлігі Алят – Құрық бағыты бойынша алғашқы сынағын сәтті өткізді.

Көршілес мемлекеттің кемесін Құрық портының бас директоры Серік Ахметов бастаған порт әкімшілігі және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары Абзал Меңдібаев, Бекбол Орынбасаровпен қатар Ақтау, Баутин порттары теңіз әкімшілігінің басшысы Нұрбол Ерманов қарсы алды. Сондай-ақ, аталған шараға Әзірбайжанның бас консулы Мамедов Эльмар Рагимұлы да қатысты.

-Бұл біздің порт үшін тарихи күн. Бұл паром – жаңа типтес, жаңа стандарттар бойынша құрастырылған өзгеше сипаттағы кеме. Бұған қоса, жолаушылардың қолайлылығы үшін айрықша жағдай жасалған. Бұл Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы паромды хабарламаны дамытуға зор үлес қосады деп ойлаймын,- деп атап өтті «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов.

Сонымен қатар Серік Жетпісбайұлы кеме капитаны Аяз Пірмұратовты қарсы алып, Маңғыстау облысының қасиетті де бай табиғатын бейнелейтін көркем сурет туындысын табыс етті.

-Ro-Pax типті кемелердің ұзындығы шамамен 154,5 метр, ені 17,7 метр және биіктігі 7,5 метр. Экипажы 30 адам болатын кемелер 14 торап жылдамдығымен жүзе алады. «Әзірбайжан» паромының бортында 40 жүк және әр түрлі жүктері бар 19 жеңіл автокөлік бар. Экипаж 28 адамды құрайды, сондай - ақ 47 жолаушы келді, - деп атап өтті борт капитаны.

RO-Pax типіндегі жаңа кемелер жүк көтергіштігі Каспийдегі паромдарға қарағанда үлкен және 100 жолаушыны, 56 вагон-цистернаны немесе 50 ауыр жүк көлігін тасымалдауға қабілетті.

Құрық портын пайдалану басталғаннан бері 2 мыңнан астам кеме өңделген, 6 млн. тоннадан астам жүк тиелген. Қазіргі уақытта порт арқылы қазақстандық астық, көмір, мұнай өнімдері, тыңайтқыш, химикаттар экспортталады. Импортты азық-түлік өнімдері, өнеркәсіптік жабдықтар, құрылыс материалдары және басқа да жүктер құрайды.

Фотогалерея

slide
slide
slide