Құрық портына түркиялық «ASFAT» және «YDA Group» компаниялары мен «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ өкілдері келді.
Паромды комплекстің әлеуеті мен жұмысымен танысуға келген бір топ делегацияны порттың бас директоры Ахметов Серік Жетпісбайұлы қарсы алды.
Қонақтар паромды кешен аймағында бірқатар нысандар мен автокөлік және теміржол айлақтарын аралап, порттың жалпы қуаттылығымен танысты.
Бұдан бөлек, делегация өкілдеріне Құрық портының іске қосылғалы өткізген жүк динамикасы мен жұмыс нәтижелері және алдағы жылдарға жоспарланған даму бағдарламасы да көрсетілді.
Кездесу соңында компания өкілдері порттын даму болашағын жарқын екенін атап өтіп, жоғары баға берді.