Бүгін, 12 қарашада Халықаралық гумандық педагогика орталығының президенті, психология ғылымдарының докторы, әлеуметтанушы, «Басти Бубу» мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ғылыми жетекшісі Паата Аманошвилидің жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларымен онлайн-кездесуі өтті.

Онлайн кездесу «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары аясында ұйымдастырылды.
Кездесуде Паата Амонашвили тыңдаушылардың назарын гумандық педагогика негіздеріне аударды. Оның пікірінше, гумандық педагогика балалардың өздері өз дамуына қатысқысы келетін келісім мен байланыс нысандарын іздейді. Балаларға еркіндік пен ересектік сезімін бере отырып, сабақта әрбір мұғалім қарым-қатынастың негізін құрады, мұнда әрбір оқушының табиғаты қабылданады және олардың әрқайсысына шексіз сүйіспеншілік атмосферасы жасалады.
Кездесу қорытындысы бойынша Паата Шалвович педагогтердің сұрақтарына жауап берді.