ҚҰРЫҚ ПОРТЫНДА КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАНДАЙ ШАРАЛАР ЕНГІЗІЛДІ?

20 сәуір, 2020

«Құрық порты» ЖШС негізгі қызмет түрі барлық жүк түрлерін қабылдап,
өңдейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін жеке тұлғаларды қабылдап, өткізетін теңіз порты бола отырып, өз қызметінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге байланысты аталған қызмет түрі үшін арнайы белгіленген нормалар мен ережелерді басшылыққа алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Иран мен Әзірбайжан Республикасынан келетін жеңіл автокөлік құралдарын экипаждарымен бірге
тасымалдайтын теңіз кемелерін қабылдау тоқтатылды.

Бұдан басқа, «коронавирус» пандемиясына байланысты кешенді шаралар
аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігінің шешіміне сәйкес «Құрық порты» ЖШС қазіргі уақытта
төмендегідей шаралар жүргізілуде:
1)Қазақстан Республикасы азаматтарынан басқа паром қатынасымен
келетін шетелдік азаматтарға кіруге тыйым салынған;
2)Жеңіл автокөліктерге экипаждарымен кіруге тыйым салынған;
3)Жүк автокөлігі кіретін кезде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
күшейтілген;
4)Күн сайын «Құрық» портының аумағында залалсыздандыру шаралары
жүргізіліп тұрады;
5)«Құрық» портының аумағына медициналық бетпердемен, рұқсатнамамен
кіруге рұқсат етіледі;
6)«Құрық» портындағы жұмыстар және келушілерге қызмет көрсету
антисептикалық және антибактериялық құралдар пайдаланылып, медициналық
бетперделер киіліп жүзеге асырылады;
7) «Құрық» портындағы санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық
қызметкерлер тәулік бойы режимінде жұмыс істейді, барлық қажетті құралдар
жеткілікті;
8) Жүк автокөліктерінің сыртына «Құрық» портының арнайы жабдықтарымен залалсыздандыратын өңдеу жүргізіледі;
9) Теңіз кемелерінің экипаж мүшелеріне «Құрық» портының аумағына
шығуына тыйым салынған;
10) Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау нәтижелері алынғанша қол жүгі
мен жүктерді түсіруге тыйым салынған.
Жоғарыда көрсетілген кешенді шаралар осымен шектелмейді, Қазақстан
Республикасындағы «коронавирус» пандемиясына байланысты қалыптасқан
жағдайға қарай кеңейтілетін болады.

Фотогалерея

slide
slide
slide