Сенат депутаттары Құрық порттарының жұмыс барысымен танысты

14 ақпан, 2020

Сенаторлар Құрық порттарына сапар кезінде
Қазақстанның теңіз инфрақұрылымындағы ауқымды жобалардың жүзеге асырылуымен
танысты. Теңіз порттары Азия мен Еуропа арасындағы контейнерлік тасымал
нарығында маңызды рөл атқарады.

Сапар аясында Ақтау портында «Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін
дамытудағы Ақтау және Құрық теңіз порттарының рөлі» тақырыбына арналған отырыс
өтті. Шараға облыс әкімі Серікбай Трұмов, мүдделі мемлекеттік органдардың,
теңіз порттары мен терминалдардың өкілдері, сондай-ақ жүк жөнелтуші
компаниялардың өкілдері қатысты. Жиында Ақтау және Құрық порттарының ел
транзиттік әлеуетін дамытудағы рөлі жан жақты талқыланып, алдағы жоспарлар мен
міндеттері көтерілді.

Фотогалерея

slide
slide
slide