РУХАНИ ӘҢГІМЕ – БІЗДІҢ ҰЖЫМНЫҢ ДӘСТҮРІ

Сегодня, 3 июня, состоялась традиционная духовная беседа с коллективом института гармоничного развития человека.

28 сәуір, 2022

Бүгін, 03 маусым күні Адамның үйлесімді дамуы институты ұжымымен дәстүрлі рухани әңгіме өтті. Кездесуді бас ғылыми қызметкер, п.ғ.д. А.Қ. Рысбаева жүргізіп, Жандану дәуірінің үлкен игілігіне айналған «Қуаныш мектебінің» негізін қалаушы итальяндық педагог Витторино да Фельтре туралы әңгімеледі.

А.Рысбаева Витторино да Фельтренің негізгі идеясы – баланы оқуға ынталандыру, оның  интеллектуалды және физикалық дамуы, құндылықтары мен үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптасуына кеңінен тоқталды.

Витторино да Фельтре  –  баланың дамуы мен қалыптасу үдерісіне әсер етудің ең мықты және жақсы әдістерін ұсынып, өз үлгісімен балаларды тәрбиелеген педагогтердің бірі.

Рухани әңгіме апта сайын тұрақты түрде өткізіледі және институт қызметкерлеріне жалпыадамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде қолданып, рухани тұрғыдан қалыптасуына мүмкіндік береді.

slide