Семинар өтті

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты 17 маусымда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асырудың нормативтік-құқықтық негіздері» тақырыбында білім беру басқармаларының, аймақтық әдістемелік кабинеттерінің басшыларымен семинар өткізді.

26 сәуір, 2022

Семинар институт президентінің м.а. И. В. Калачеваның, Даму және әдістемелік қолдау департаментінің директоры Г. Ү. Сағимбаеваның және де ғылыми-әдістемелік бөлімнің басшысы Б.Ш. Әлиевтің қатысуымен өтті, кездесу барысында институт қызметінің барлық аспектілері - ғылыми, ғылыми-әдістемелік, оқу-ақпараттық, ресурстық мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларына арналған авторлық құқық туралы ақпарат ұсынылып, педагогтер арасында тек институт сертификаттары «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуға құқық беретіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың маусым айынан бастап өңірлерде рухани-адамгершілік тәрбиені дамыту бөлімінің ашылуы - мұғалімдерді біліктілікті арттыру курстарымен қамтуды арттыратындығы сөз етілді.

Өңірлерде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру курстарын ағымдағы жылдың 2 тамызынан бастау жоспарланған.

slide