«Өмірді сүйіспеншілікпен көркейтіңіз» атты республикалық «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ең үздік бейнероликтер байқауының нәтижелері

Адамның үйлесімді даму ұлт�

25 сәуір, 2022

Адамның үйлесімді даму ұлттық институты 05 мамыр мен 11 маусым аралығында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  «Өмірді сүйіспеншілікпен көркейтіңіз!» атты республикалық үздік бейнероликтер байқауын өткізді.

Байқауға республика білім беру мекемелерінің 5-11 сынып аралығындағы оқушылары қатысты. Сараптау комиссия отырысының қорытындысы бойынша 57 бейнероликтің ішінен үш жүлделі орындар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Байқау жеңімпаздары:


1 орын - Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылының «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ, 6 сынып оқушылары;

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Мамлют санаториялық орта мектеп-интернаты» КММ оқушылары;

2 орын - Товстик Юлия Александровна, БҚО, Бәйтерек ауданы білім бөлімінің «Раздольненская орта мектебі» КММ оқушысы;

7 «Б» сынып оқушылары, Қызылорда қаласы №7 мектеп-лицейі;

Забден Арайлым, 5-сынып оқушысы, Жезқазған қаласы Қарағанды облысы білім басқармасының «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернат» КММ.

3 орын - Миндубаева Милана Сериковна, БҚО, Ақсай қаласындағы «№6 лицей мектебі» КММ, 10 сынып оқушысы;

6-сынып оқушылары, «№2 Ембі қалалық мектебі» КММ, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы;

5-сынып оқушылары, Қызылорда облысы Қармақшы аудандық білім бөлімінің «№272 орта мектебі» КММ.

slide