ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ТУРАЛЫ

4 мамыр күні Адамның үйлесі�

21 сәуір, 2022

4 мамыр күні Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты (АҮДҰИ) «Педагогтерге «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша ақпараттық-ресурстық сүйемелдеу жасау туралы» тақырыбы бойынша тікелей эфир өткізді.

Тікелей эфирді Ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі Сапарова Әлия Айтмұхаметқызы жүргізді.

Ол өз баяндамасында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасын тарату бойынша ғылыми-педагогикалық қоғамдастыққа насихаттауға байланысты ай сайынғы Республикалық ғылыми-әдістемелік «Өзін-өзі тану.kz» журналы, интернет-порталы сонымен қатар Facebook, Instagram әлеуметтік желілері (НИГРЧ) арқылы институт қызметінің негізгі бағыттарын ашты.

Әлия Айтмұхаметқызы журналдың құрылымы, оның айдарының тақырыптары, авторлық құқық материалдарын безендіруге қойылатын талаптар (мақалалар, эсселер, өзін-өзі тану сабақтарының әдістемелік дамуы, жобалық және сыныптан тыс жұмыстар, қосымша білім беру, ата-аналармен жұмыс және т.б.) туралы толығырақ тоқталды.

Сондай-ақ, ozin-ozi-tanu интернет-порталының құрылымы егжей-тегжейлі көрсетілді, оның тақырыптары мен тақырыпшаларының мазмұны сипатталды. Білім беру ұйымдарының білім беру процесінің негізгі компоненттері ретінде «Педагогтерге» және «Оқушыларға» бөлімдеріне ерекше назар аударылды.

Қазіргі кезде әлеуметтік желілердің рөлі шексіз артып келеді. Сондықтан Facebook пен Instagram-дағы АҮДҰИ аккаунттары үнемі жаңа өзекті ақпаратпен толтырылады: тікелей эфирлер, вебинарлар, шеберлік-сыныптар, ата-аналар университеті және т.б.

Сондай-ақ, АҮДҰИ ақпараттық ресурстарының қатарында Youtube-те «Өзін-өзі танудың бейне сабақтары» арнасы бар, ол мұғалімдерге қашықтан оқыту жағдайында оқу сабақтарын өткізуге шығармашылық тәсілдің мысалдарын ұсынады.

slide