ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Өзін-өзі тану тану» рухани

19 сәуір, 2022

«Өзін-өзі тану тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау пилоттық жобасы аясында Орал қаласындағы Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясында 26 сәуір күні сағат 17:00-де Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты Мұратханова Райхан Мұратханқызымен «Адамның ойы – жасампаз күшті тасымалдайтын арна» атты zoom, you tube платформалары арқылы ұжым мүшелерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Онлайн кездесу барысында Райхан Мұратханқызы мектептің ұжым мүшелеріне «Мен кіммін?», «Адамның шынайы болмысы қандай?», «Өмірдің мәні неде?», «Адам үшін игілік деген не?», «Адамның шынайы бақыты неде?» сынды рухани-адамгершілік туралы сұрақтарын қойып, жауап алып, жан тыныштығы, уақыттың қадірі, тазалық, бізді басқарушы ұғымдарына мол мағлұмат беріп, мысалдармен дәлелдер келтіріп, ерекше ой салды.

«Сен алдымен өзіңді-өзің таны. Менің білетінім, менің ештеңе білмейтінім, ал басқалар оны да білмейді» деген Сократтың сөзі арқылы, адам бойындағы біз мән бермейтін күш жөнінде түсіндірді. Одан әрі онлайн кездесу негізінде барша жандарда дана, сүйіспеншілік нұрына бөленген, тәртіп, қуат, үйлесімділік бар екені және тек соны сыртқа шығару адамның өзіне байланысты екені айтылып, ұжым мүшелеріне керемет ой салып, сүйіспеншілікпен өмір сүру қажеттілігін одан әрі ұғындырды.

Жоғары деңгейде өткен онлайн кездесу соңында ұжым мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауап алып, Онлайн кездесуді ұйымдастырған мектеп-гимназия басшысы Б.С. Тлекеноваға және онлайн кездесуді тамаша деңгейде өткізген Р. М. Мұратхановаға алғыстарын білдірді.

Адами құндылықтарымызды жоғалтпайық, әрдайым жақсылық жасап, ой мен ниетімізді тазалайық!



slide