2021 жылдың 12 мамыр күні Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеялары контексінде тұлғаны рухани-адамгершілік дамытудың дүниетанымдық аспектілері» тақырыбындағы аймақтық семинар өтті.
2021 жылдың 12 мамыр күні Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеялары контексінде тұлғаны рухани-адамгершілік дамытудың дүниетанымдық аспектілері» тақырыбындағы аймақтық семинар өтті.
Семинарға Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының білім басқармаларының, аудандық әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының (балабақша, мектеп, колледж) басшылары, өзін-өзі тану педагогтері, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері (кураторлары), педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтері, өзін-өзі тану мұғалімдері қатысты.
«Бөбек» ҰҒПББСО бас директоры Елена Николаевна Сакенова және Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының президентінің міндетін атқарушы Ирина Владимировна Калачева іс-шара қатысушыларына құттықтау сөздерін айтты.
Семинарда баяндамаларымен төмендегі қатысушылар сөз сөйледі:
1. Серік Есентайұлы Нұрмұратов, философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары, ф.ғ.д., профессоры «Қазіргі кезеңдегі рухани мәдениеттің маңызы мен рөлі» тақырыбында;
2. Аршагүл Қылышбекқызы Рысбаева, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бас ғылыми қызметкері, п.ғ.д., профессоры «Өзін-өзі тану» бағдарламасы арқылы қоғамдық сананы жаңғырту идеясын жүзеге асыру» тақырыбы бойынша;
3. Райхан Мұратханқызы Мұратханова, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бас ғылыми қызметкері, п.ғ.к. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру»;
4. Гүлжан Алғазықызы Ерғалиева, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогикалық факультетінің деканы, п.ғ.к., доценты «Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамзатқа ортақ құндылықтарды нығайту» тақырыбында;
5. Жанар Ғаббасқызы Күлекенова, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бас ғылыми қызметкері, п.ғ.к. «Ұлттық дәстүрлер призмасы арқылы тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту»;
6. Керімқұл Құрбанәліұлы Нәлібаев, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бас ғылыми қызметкері, п.ғ.к. «Қазақ халқының әлеуметтік өміріндегі рухани-адамгершілік құндылықтар және олардың өнегелік мәні» тақырыбы;
7. Мазилбек Нұрбосынұлы Утебаев, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің директоры «Оқу-тәрбие процесінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялаудың маңызы» туралы;
8. Айжан Сәрсенқызы Қарабаева, Қ. Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің директоры «Болашақ мамандарға рухани адамгершілік тәрбие берудегі отбасы мен колледждің өзара ықпалдастығы» тақырыбы;
9. Бибігүл Сауырқызы Тлекенова, Орал қаласы Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия директоры «Өзін-өзі тану» бағдарламасы негізінде білім алушылардың құндылық бағдарларын қалыптастыру»;
10. Әсел Телманқызы Дәулетова, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы «А. Маслоу концепциясындағы тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі»;
11. Слубике Мурзагереевна Давлетова, Орал қаласы №16 мектептің өзін-өзі тану мұғалімі «Театрлық іс-әрекет тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің формасы ретінде» тақырыбында сөз сөйледі.
Қазіргі кезеңде рухани-адамгершілік білім беру еліміздің білім беру кеңістігіндегі маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан, семинар тақырыбы өзекті, ал оны қарастыру – қоғамдық сананы жаңғыртуға және халқымыздың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған тағы бір қадам екендігі сөзсіз.