«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» – ҮЗДІКСІЗ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2021 жылғы 18 тамызда Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ және «Бөбек» ҰҒПББСО ұйымдастыруымен ZOOM платформасында, Facebook желісіне тікелей трансляция бере отырып, тамыз конференциясының панельдік сессиясы өткізілді.

03 наурыз, 2022

2021 жылғы 18 тамызда Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ және «Бөбек» ҰҒПББСО ұйымдастыруымен ZOOM платформасында, Facebook желісіне тікелей трансляция бере отырып, тамыз конференциясының панельдік сессиясы өткізілді.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асылова Бибігүл Амангелдіқызы Конференцияны ашып, алғы сөз сөйледі. Сондай-ақ, конференцияға «Бөбек» Ұлттық ғылыми -практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Сәкенова Елена Николаевна,  Халықаралық ізгілік педагогика орталығының негізін қалаушы, педагогика ғылымдарының докторы, академик Амонашвили Шалва Александрович,  психология және арнайы білім кафедрасының меңгерушісі, Әзербайжан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы Сараптамалық кеңесінің мүшесі, психология ғылымдарының докторы, профессор Бейляров Элхам, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің психология факультетінің деканы (Әзірбайжан), философия ғылымдарының докторы Риза Әлиханұлы Халилов, «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ Президентінің м. а. Ирина Владимировна Калачева және еліміздің білім беру ұйымдарының басқа да мұғалімдері қатысты.

Конференция барысында барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары мен жаңа оқу жылында қазақстандық білім беруді дамытудың негізгі басымдықтары талқыланды.

Сондай-ақ, конференцияда «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бейнеүндеуі көрсетіліп, АҮДҰИ 7 айдағы қызметі туралы есеп тыңдалды.

Пленарлық бөлімнің қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, 2021-2022 оқу жылы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.

slide