Бүгін Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты Алматы қаласы бойынша орта білім беру және ТжКБ ұйымдарындағы «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің онлайн режимдегі секция жұмысына қатысты.
Бүгін Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты Алматы қаласы бойынша орта білім беру және ТжКБ ұйымдарындағы «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің онлайн режимдегі секция жұмысына қатысты.
Конференция жұмысын АҮДҰИ ҚЕ АҚ-ының президенті м.а. И.Калачева ашты. Ирина Владимировна өз сөзінде «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын орта білім беру мен ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісіне кіріктірудің маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар барлық мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Спикер ретінде институттың ғылыми қызметкерлері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері, Алматы қаласындағы орта білім беру және ТжКБ ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері сөз сөйлеп, адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру, қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімдерін толықтыру, «Оқуға құштар мектеп» сияқты бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын қозғады.
Конференция соңында мұғалімдер әр түрлі сұрақтарға жауап алып, конференция қорытындысы бойынша ұсынысты қабылдауға қатысты.