2021 жылдың 20 тамызында Қызылорда облысының өзін-өзі тану мұғалімдерінің тамыз конференциясы онлайн режимде өткізілді, оған 80 жуық педагог қатысты.
2021 жылдың 20 тамызында Қызылорда облысының өзін-өзі тану мұғалімдерінің тамыз конференциясы онлайн режимде өткізілді, оған 80 жуық педагог қатысты. Конференцияға қатысушыларға «Бөбек» ҰҒПББСО-ның және Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атынан бас ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рысбаева Аршагүл Қылышбекқызы алғы сөз жолдады. Өз сөзінде ол қатысушылардың назарын «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының басты идеяларына, кемелді адамды тәрбиелеуге, әрбір білім беру ұйымында жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тәрбие жүйесін құру қажеттілігіне аударды.
Облыстық білім беру басқармасы Оқу орталығының басшысы Ж.Сыздықова «2021-2022 оқу жылында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.
Э. Медеуова, А. Смағұлова, Г. Тұрғанбаева және т.б. мұғалімдердің баяндамалы қатысушылар арасында ерекше қызығушылық туғызды. Олар өздерінің «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту тәжірибелерімен бөлісті.
№217 орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Нұртазаев Талғат Төлегенұлы шынайы көшбасшының мәселелерін зерттеуге арналған «Шыңайы көшбасшы» факультативтік сабақтары үшін өзінің авторлық әзірлемесін көпшілік назарына ұсынды. Қызылорда облысы бойынша АҮДҰИ филиалының жаттықтырушысы Ж.А.Ахметова өзін-өзі тану сабағының құрылымы бойынша пайдалы ақпаратпен бөлісті.
Облыстық білім басқармасының өкілі С.А. Сапарбаева өзін-өзі танудың үздік педагогтеріне алғыс хаттар табыс етті.