Ақтөбе облысының педагогтеріне арналған әдістемелік семинар

Бүгін, 25 тамызда Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты Ақтөбе облысының білім беру басқармасы, аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері, білім берудің барлық деңгейіндегі ұйымдардың басшылары мен өзін-өзі тану педагогтеріне арналған семинар өткізді.

15 ақпан, 2022

Бүгін, 25 тамызда Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты Ақтөбе облысының білім беру басқармасы, аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері, білім берудің барлық деңгейіндегі ұйымдардың басшылары мен өзін-өзі тану педагогтеріне арналған семинар өткізді.

Семинар жалпыадамзаттық құндылықтарды біртұтас педагогикалық үдеріске кіріктіруде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану тақырыбына арналды.

Семинар басында қатысушылардың назарына «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бейнеүндеуі ұсынылды. Одан кейін Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты президентінің м.а. Калачева Ирина Владимировна және Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Бертілеуова Нұргүл Лескеновна қатысушыларға құттықтау сөздерін жолдады. Олар «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі идеяларын және адамгершілік-рухани тәрбиені педагогикалық үдеріске кіріктіру үшін қажетті жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Адамның үйлесімді даму ұлттық институтының бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рысбаева Аршагүл Қылышбекқызы қазақстандық білім беруді цифрландыру жағдайында адамгершілік-рухани тәрбиенің өзектілігі туралы айтты.

Сондай-ақ, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалдарының оқытушылары Тен Алира Сунтакқызы мен Мұқанова Роза Ақылбайқызы білім берудегі цифрлық технологиялар мен мұғалімдердің АКТ құзыреттілігін арттыру туралы сөз қозғады.

АҮДҰИ Даму және әдістемелік қамтамасыз ету департаментінің директоры Сағымбаева Гүлназ Үсенқызы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын кіріктірудегі ақпараттық-ресурстық қолдау тақырыбына тоқтап, педагог пен басшы, ата-ана мен оқушыны қажетті ресурстармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Семинар спикерлері, еліміздің білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту сапасын жақсартуда IT-технологияларды қолдана отырып, оқыту тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында мұғалімдерді қызықтыратын сұрақтарға жауаптар берілді.

slide