Кіріктірілген оқу сабақтарын ұйымдастырудағы және өткізудегі мұғалімнің инновациялық қызметі

Мұғалімдерге кіріктірілген оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік көмек көрсету шеңберінде 2021 жылдың 27 тамызында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты Алматы қаласы білім беру ұйымдарының өкілдеріне онлайн-семинар өткізді.

31 қаңтар, 2022

Мұғалімдерге кіріктірілген оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік көмек көрсету шеңберінде 2021 жылдың 27 тамызында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты Алматы қаласы білім беру ұйымдарының өкілдеріне онлайн-семинар өткізді.

Семинарға спикер ретінде Алматы қаласының білім басқармасының өкілдері, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер мен колледждерінің өзін-өзі тану мұғалімдері қатысты.

Алматы қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Жұманов Қайрат Ізбасарұлы сөз сөйлеп, «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтты. Ол барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жүйесіне «Өзін-өзі тану» бағдарламасын кіріктіру тақырыбына қатысушылардың назарын аударды.

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бас ғылыми қызметкері, п.ғ.д., профессор Рысбаева Аршагүл Қылышбекқызы білім беруді цифрландыру жағдайында рухани-адамгершілік тәрбиенің өзектілігі туралы айтты. Оған қоса, «Жалпыға ортақ құндылықтарды басқа білім беру салаларына кіріктірудің метапәндік әдісі» тақырыбында Анжелика Александровна Карабутова, ал кіріктірілген сабақтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша институттың бас ғылыми қызметкерлері Изгуттинова Рабига Отарбайқызы мен Омарова Ғалия Бисенқызы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, Алматы қаласының өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері сабақта жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген жұмыс әдістері мен «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемелері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар спикерлері кіріктірілген оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізуде әр мұғалімнің рөлін атап, семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылдады.


slide