Бүгін, 1 қыркүйекте Директорлар Кеңесінің шешімімен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының президенті болып Сакенова Елена Николаевна тағайындалды.
Бүгін,1 қыркүйекте директорлар Кеңесінің шешімімен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының президенті болып Сәкенова Елена Николаевна тағайындалды.
Елена Николаевна 1990 жылы «Математика мұғалім» кәсіби біліктілігінің берілуімен «Математика» мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтаған.
Елена Николаевна кәсіби даму мен педагогикалық шеберліктің тұрақты өсуінің барлық кезеңдерінен өтті.
Педагогикалық еңбек жолын ол 1990 жылы математика пәні мұғалімі ретінде бастады, 1992 жылы Алматы қаласы №94 орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 1995-2013 жылдары №5 мектеп-гимназиясының директоры қызметін атқарды.
2013-2014 жылдары «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының (ҰҒПББСО) «Өзін-өзі тану» гимназиясы директоры болып жұмыс істеді.
2014 жылдың қыркүйегінде «Бөбек» орталығының Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры; 2015 жылдың қаңтарында «Бөбек» ҰҒПББСО бас директорының өзін-өзі тану, ағарту және сауықтыру қызметі жөніндегі орынбасары ретінде тағайындалды.
2017-2021 жылдар аралығында «Бөбек» ҰҒПББСО бас директоры қызметін атқарды.
Елена Николаевна, Институт қызметкерлері Сізге «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын насихаттауда сәттілік тілейді!