Жалпыға ортақ құндылықтарды сыныптан тыс жұмыстарға кіріктіру бойынша вебинар

Бүгін Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ұйымдастырумен «Мектептің (балабақшаның, колледждің) білім кеңістігіне жалпыадамзаттық құндылықтарды кіріктіру арқылы білім алушылардың оқудан тыс іс-әрекетін ұйымдастырудың мазмұны мен әдістерін іріктеуге деген шығармашылық қатынас» тақырыбында вебинар өткізілді.

19 қараша, 2021

Аталмыш вебинарға басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, тәрбиешілер мен кураторлар қатысты.

Вебинар барысында спикерлер оқудан тыс іс-әрекеттерді ұйымдастырудың мазмұны мен әдістерін, сыныптан тыс іс-шараларда «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын жүзеге асыру сынды маңызды мәселелерді талқылап, ой қозғады.

Өзін-өзі тану пәні баланың жан-жақты дамып, өзінің өмірі мен іс-әрекеттеріне жауапкершілік алуға үйретететін бірден бір пән екенін БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 ЖББМ директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, Бисенова Гүлім Салиевна атап өтті.

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы, Ташиева Эльвира Айтжановна колледждің тәрбие үдерісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды кіріктіру жолдарына тоқтап, рухани-адамгершілік білім жүйелі, үздіксіз және біртұтас болуы шарт деп айтты. Сонымен қатар, оқушылардың бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытуға бағытталған іс-шаралармен таныстырды.

Оған қоса, вебинар барысында қатысушылар практикалық тәжірбиелерімен бөлісті.

slide
slide
slide