Білім алушылардың оқудан тыс қызметін ұйымдастырудың мазмұны мен әдістері талқыланды

08 қыркүйекте техникалық және кәсіптік, орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері білім алушылардың оқудан тыс қызметін ұйымдастырудың мазмұны мен әдістерін таңдауда шығармашылық тәсілдемені іске асыру мәселелерін талқылады.

15 қараша, 2021

08 қыркүйекте техникалық және кәсіптік, орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері білім алушылардың оқудан тыс қызметін ұйымдастырудың мазмұны мен әдістерін таңдауда шығармашылық тәсілдемені іске асыру мәселелерін талқылады.

Вебинарға қатысушыларды Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атынан бас ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рысбаева Аршагүл Қылышбекқызы құттықтап, сәттілік тіледі.

Онлайн-кездесу барысында мұғалімдер оқушылардың шығармашылық қызметіне жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

№ 27 балабақша тәрбиешісі Татьяна Игоревна Студенева мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қызметі туралы айта келіп, оқушылар үшін қажетті жағдайлар мен шығармашылық атмосфераны құрудағы мұғалімнің маңызды рөлін атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысындағы В.Маяковский атындағы мектептің  педагог-психологі, өзін-өзі тану мұғалімі Тагиева Индира Тавак-кулқызының пікірінше, оқушылардың мұғалім мамандығына деген танымдық қызығушылығын тәрбиелеу үшін оларды өзін-өзі тануға, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру қажет.

Сондай-ақ, Орал қаласындағы №17 мектептің өзін-өзі тану мұғалімі Давлетова Слубике Мурзагереевна, «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Текен Найля Рафаильевна оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру әдістері мен мазмұнын таңдаудағы шығармашылық тәсілдемелері туралы айтып берді.

Вебинарды қорытындылай отырып, қатысушылар педагогтердің өзара тәжірибе алмасып, қажетті мәселелерді талқылауы үшін алаңдарды ұсынудың маңыздылығын атап өтті.


slide