«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша тиімді педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату мақсатында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерін фестивальға қатысуға шақырамыз!
Құрметті педагогтер!
Біз «Өзін-өзі тану әлемі» республикалық педагогикалық идеялар фестивалінің өткізілетінін жариялаймыз.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша тиімді педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату мақсатында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерін фестивальға қатысуға шақырамыз!
Байқау материалдары үшін таңдауға болатын бағыттар:
- жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу пәндерінің мазмұнына интеграциялау;
- жалпыадамзаттық құндылықтарды оқудан тыс қызметке интеграциялау;
- жалпыадамзаттық құндылықтарды қосымша білім беруге интеграциялау;
- балалар мен жасөспірімдердің рухани-адамгершілік дамуында ата-аналармен өзара әрекеттесу.
Фестивальдің үздік қатысушылары дипломдармен марапатталады. Фестивальдің барлық қатысушыларына қатысушы сертификаттары тапсырылады.