Отбасы - тәрбиенің негізі

14 қыркүйекте «Ата-аналарға арналған өзін-өзі тану мектебі: педагогтардың ізденісі, шығармашылығы, шеберлігі» тақырыбында орта білім беру педагогтеріне арналған вебинар ұйымдастырылды.

26 қазан, 2021

14 қыркүйекте  «Ата-аналарға арналған өзін-өзі тану мектебі: педагогтардың ізденісі, шығармашылығы, шеберлігі» тақырыбында орта білім беру педагогтеріне арналған вебинар ұйымдастырылды.


Вебинарды АҮДҰИ, аға ғылыми қызметкері Тәттімбетова Құралай Жеңісқызы жүргізіп, өз сөзінде ата-аналарға арналған өзін-өзі тану мектебін ұйымдастырудың маңызын атап өтті.


Вебинар барысында Қарағанды қаласы ҚМҚК «Бәйтерек» бөбекжайының әдіскері Нығыметова Зибагүл Тұрсыновна балалардың бойында сүйіспешілікті ояту арқылы тәрбие берудің маңызына тоқтап, балаларға кішкентайынан ұлттық тәрбие беру, салт-дәстүрлерді үйрету және қазақи ертегілердің оқытудың маңызын атап өтті.


Оған қоса, балаларға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ата-ананың жауапкершілігі, оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жүргізудің, түрлі акциялар мен отбасылық іс-шараларды өткізудің маңызы туралы өз сөздерінде №12 орта мектебінің психологы Исамбай Нуржамал Ашимовна, «Сапақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Базарбеков Ануар Ерболатұлы айтып өтті.


Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар шығармашылық ізденісті және ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бойынша қолданыстағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті.





 



slide
slide
slide