ПААТА АМОНАШВИЛИ БАРЛЫҚ ҰСТАЗДАР МЕН АТА-АНАЛАР ҮШІН!

2021 жылдың 17 қыркүйегінде Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының Facebook парақшасында Халықаралық гуманитарлық педагогика орталығының президенті, психология ғылымының докторы, «Басти Бубу» (Грузия, Тбилиси) мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ғылыми жетекшісі П.Амонашвилимен кездесу өтті.

25 қазан, 2021

Паата Шалвович өз сөзін білім берудегі оқыту мен тәрбие процесінің айырмашылығына тоқтады. Білімді беруде авторитарлық педагогика тәртіптік мәселелермен бетпе-бет келеді, ал гуманистік педагогика оқу үрдісі кезінде баланың мотивациясына, эмоционалды жағдайына назар аударады.

Күшті мотивация балаға ересек болуға ұмтылу, таңдау қалауы мен мұғалімге ғашық болу сезімі арқылы келеді.

Адамгершілік және рухани қасиеттер мұғалімнің тұлғалығы арқылы тәрбиеленеді, сол кезде бала мұғалімнің эмоционалды әлемін бейнелейді және жағымды ортада және сүйіспеншілік аясында шыңдалады.

Паата Шалвовичті мазмұнды дәріс, қызықты әңгіме және көрермендердің сұрақтарына жауап бергені үшін алғыс айтамыз!

slide
slide
slide
slide