Пилоттық білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған вебинарлар сериясы

Алдыңғы апта вебинарларында институттың ғылыми қызметкерлері, базалық және пилоттық ұйымдардың мен «Бөбек» ҰҒПББСО педагогтері өзін-өзі тану және басқа да оқу пәндерінің кіріктірілген сабақтарында бағалаудың тәрбиелік сипатын талқылады.

06 қазан, 2021

Вебинар барысында мұғалімдер «Өзін-өзі тану» пәнін білім беру кеңістігіне енгізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, оқушылардың әр түрлі интеллектуалдық дағдыларын дамытуға неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау және студенттерді бағалаудың маңыздылығы туралы әңгімеледі.

Қатысушылардың пікірінше, «белгі» мен «баға» ұғымдарының арасында нақты айырмашылық болуы керек. Бағалаудың тәрбиелік сипаты оқушыны ынтымақтастыққа үйретеді, басқаларға, мұғалімге және пәнге деген оң көзқарасын қалыптастырады.

Әрбір педагог оқушының дамуының оң динамикасын байқау, кері байланыс беру, әр оқушыға оқу материалын игеруге көмек көрсету үшін «жақсы ойлау» туралы түсінік қалыптастыру керек.

Сонымен қатар мұғалімдер вебинар барысында сабақта кездесетін кейбір өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.

slide