«Қазіргі кезеңде жастарды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу» тақырыбында Республикалық семинар

Бүгін Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтында «Қазіргі кезеңде жастарды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу» тақырыбында Республикалық семинар өтті.

23 қыркүйек, 2021

Бүгін Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтында «Қазіргі кезеңде жастарды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу» тақырыбында Республикалық семинар өтті.


Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының президенті Елена Николаевна Сакенова өзінің құттықтау сөзінде мемлекет дамуының негізгі бағыты жалпыадамзаттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту екенін атап өтті.


Семинарға білім басқармасы мен аудандық әдістемелік кабинеттердің жетекшілері, әдіскерлері, сынып жетекшілері (кураторлар), мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру ұйымдарының өзін-өзі тану педагогтері, ата-аналар қоғамдастығы, жастар қозғалысының өкілдері қатысты.


Спикерлер «Өзін-өзі тану» РАББ  бағдарламасы негізінде рухани-адамгершілік тәрбиенің өзектілігін, балалар мен жасөспірімдердің құндылық бағдарын қалыптастыру проблемаларын, жас ұрпақ тәрбиесіндегі отбасы мен ата-ананың рөлін талқылады.

slide