Автокөлікті порт арқылы жөнелту кезіндегі әрекет тәртібі.
1. Автокөлікті жөнелту үшін жүргізуші Құрық порты маңында орналасқан жеке автотұрақтардың біріне келуі қажет (Ақтау қаласынан алдын ала порттық автотұраққа дейінгі қашықтық: «Kaspi Union» ЖШС — 89 км және «Курык Транзит» ЖШС — 93 км);
2. Жеке алдын ала порттық автотұраққа кірген кезде автотұрақ операторы автокөлікті электрондық кезекке тіркейді;
3. Паром Құрық портына жақындаған кезде жүргізушіге автокөліктің паромның жүк жоспарына енгізілгені туралы хабарлама келеді. Жүргізуші Құрық портының өкілінен «Поручение» алады және паром келер уақытқа дейін кемінде 6 сағат бұрын порт аумағына кіруі тиіс;
4. Порт аумағында автокөлік келесі бақылау рәсімдерінен өтеді: радиациялық бақылау, таразыдан өткізу және инспекциялық-тексеру кешені;
5. Кедендік рәсімдеу ғимаратында (бірінші қабатта) «Қазпочта» АҚ кассасында порттық алымдарды төлеу қажет;
6. Кедендік рәсімдеуден өту. Қажет болған жағдайда — санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылаудан өту;
7. Паром келер уақыттан 1 сағат бұрын автокөлік шекаралық бақылаудан өтуі қажет;
8. Жүк тиеу жарияланғаннан кейін автокөлік паромға кіреді.