Республикалық рухани-адамгершілік білім беру кеңесінің XV отырысы

Бүгін, 28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың төрағалығымен Республикалық рухани-адамгершілік білім беру кеңесінің XV отырысы өтті.

15 қыркүйек, 2021

Бүгін, 28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың төрағалығымен Республикалық рухани-адамгершілік білім беру кеңесінің XV отырысы өтті.

Жиынның ашылуында Сара Алпысқызы Назарбаеваның құттықтау сөзі оқылып, онда ол «Өзін-өзі тану» бағдарламасын насихаттаудың, өскелең ұрпақты Ізгілік пен Әділеттілік мұраттары негізінде тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының президенті Елена Сакенова өз сөзінде рухани-адамгершілік тәрбие мен тұлғаны дамыту заманауи білім беру саясатының басты міндеті екенін, оның практикалық шешімі білім берудің барлық деңгейлерінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыру болып табылатынын атап өтті.

Жиынға қатысушылар «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының мазмұнын заман талабын ескере отырып жаңарту, ел өңірлерінде«Өзін-өзі тану» РАББ Бағдарламасының жүзеге асырылуы және педагогтердің біліктілігін арттыруға қатысты сұрақтар талқыланды.

Жиынға Республикалық кеңестің құрамына кіретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты мен «Бөбек» орталығының, облыстық білім басқармаларының, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының басшылары қатысты.


Жиын нәтижесінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасын одан әрі дамытуға және насихаттауға ықпал ететін маңызды шешімдер қабылданды.

slide