«МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалімен марапатталды

2021 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалі тағайындалды. Аталған медальді ведомстволық наградалар тізбесіне енгізудің бастамашысы Сара Алпысқызы Назарбаева болып табылады. Ол оның әзірленуіне жеке өзі қатысты.

14 қыркүйек, 2021

2021 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалі тағайындалды.

Аталған медальді ведомстволық наградалар тізбесіне енгізудің бастамашысы Сара Алпысқызы Назарбаева болып табылады. Ол оның әзірленуіне жеке өзі қатысты.

Бүгін Республикалық кеңес отырысында алғаш рет педагогтерді «МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалімен марапаттау рәсімі өтті.

Бірінші болып базалық білім беру ұйымдарының он бес педагогінің, «Бөбек» орталығы мен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты қызметкерлерінің еңбегі атап өтілді. Олар өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру және тәрбиелеу жүйесін дамытуға лайықты үлес қосты, рухани-адамгершілік білім берудің өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіп, оқу-тәрбие үдерісіне рухани-адамгершілік білім беруді іске асыру үшін жаңа білім беру технологияларын енгізді, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын кіріктіру бойынша бағдарламалар мен жобаларды әзірлеп, іске асырды.

Сара Алпысқызы педагогтерді жоғары марапатпен құттықтап: «Бұл медальдің атауында адамның риясыз және асқақ қызмет етуге, өмірді жарық пен сұлулыққа толтыруға, ғаламға өз махаббатын жомарттықпен сыйлап, болашақ ұрпақты, Табиғат-анамызды және ондағы бар нәрсені сүйіп, құрметтеуге үйретуге деген ұмтылысы көрініс тапқан!

Сіздерді еліміздің өскелең ұрпағының рухани-адамгершілік білімінің көшбасшылары деп толыққанды айтуға болады! Сіздер жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітуге адал және қалтқысыз қызмет етудесіздер!», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, марапаттау рәсімінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерге арнап құттықтау сөз сөйлеп, «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын жүзеге асыру, тәрбиелеу мен оқыту жүйесі сапасының басты критерийі мұғалімнің кәсібилігімен анықталатын өзін-өзі тану сабағы болып табылатынын атап өтті.

Құрметті ұстаздар! Сіздерді ел алдындағы еңбектеріңіздің мойындалуы болып табылатын марапат алуларыңызбен құттықтаймыз! Сіздер балаларды сүюге, асқақ, шығармашылықпен ойлауға, жақындарымызды түсінуге үйретесіздер.

Сіздерге шығармашылық табыс, денсаулық және жаңа асулар тілейміз!

1       Буренкова Алла Владимировна

2       Бейсеканова Мария Баймукановна

3       Бичун Галина Викторовна

4       Тагиева Индира Таваккул-кызы

5       Баяхметова Мария Аубакировна

6       Ильина Ирина Викторовна

7       Калачева Ирина Владимировна

8       Муратханова Райхан

9       Рысбаева Аршагуль Клышбековна

10     Лосева Елена Михайлов

11     Казыбаев Талгат Талдыбаевич

12     Жамекова Бибигуль Мустафиевна

13     Тебай Рашида Умбетовна

14     Прокопьева Ольга Александровна

15     Столярова Татьяна Викторовна

slide