Оқу-әдістемелік жұмыстың қазіргі заманғы императивтері

Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасының 30 жылдық тәуелсіздігіне орай «Оқу-әдістемелік жұмыстың қазіргі заманғы императивтері» атты воркшоп өтті.

14 қыркүйек, 2021

Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінде  Қазақстан Республикасының  30 жылдық тәуелсіздігіне орай «Оқу-әдістемелік жұмыстың  қазіргі заманғы императивтері» атты воркшоп өтті.

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, қатысушыларды бірлескен жұмыс процесіне тарту, жұмыс мазмұнын рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен интеграциялау мақсатында өткен қалалық  іс-шараға ТжКББ педагог қызметкерлері қатысты.

Қатысушы педагогтар «LESSON STUDY», «STEM технология», «ЖАС ҒАЛЫМДАР» шеберханаларының жұмыстары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар студент жастарды рухани-адамгершілік білім беру негізінде тәрбиелеуде қазақ елінің ұлы педагогтерінің алатын орнымен таныстыру мақсатында «Ауыл мұғалімінен ұлт ұстазына дейін» атты сахналық қойылымы ұйымдастырылды.

slide