«Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі» Республикалық байқауының аудандық турына республика бойынша 2499 өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі қатысты.
«Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі» Республикалық байқауының аудандық турына республика бойынша 2499 өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі қатысты. Мұғалімдер онлайн режимінде үздік сабақтарының бейнероликтерін көрсетіп, түрлі педагогикалық жағдаяттарды шешіп, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.
Қазылар алқасының мүшелері ғылыми, әдістемелік және шығармашылық қызметін көрсететін педагогтердің портфолиосына ерекше назар аударды. Осындай сайыстарды өткізу мектептің оқу-тәрбие үрдісінде және жас ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуын қалыптастыруда өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің алатын орны ерекше екенін көрсетті.
Облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы байқаудың келесі кезеңіне 218 үздік педагог өтті.