М.Жұмабаев атындағы жоғарғы колледжіндегі «Басқа адамдармен араласу — үлкен бақыт және қуаныш» атты сынып сағатында «Мейірімді болу», «өзінің қадір-қасиетін сезінуді дамыту», «басқа адамдармен араласа білуді дамыту» сияқты құндылықтар туралы сөз қозғалды.

Сынып сағаты педагогтер мен студенттердің біріккен шығармашылық жұмысы ретінде өтті. Әр студент мәселелерді еркін талқылап, әңгімеге ат салысып отырды. Сондай-ақ, студенттер театрландырылған элементтері бар, топтасып ән салу, классик-жазушылардың дәйексөздерін айту, ахуалға байланысты тапсырмаларды орындау, тесттілеуден өту сияқты шығармашылық жұмыстарға белсенді қатысып отырды. Сынып сағатында қолайлы микроклимат орнап, студенттер қателесуден қорықпай,өз пікірлерін асыға айтты. Сынып сағатында сүйіспеншілік пен сенім ахуалы сезіліп тұрды.