Бүгін, 5 қарашада, «Өзін-өзі тану – бақытты өмір жолы» тақырыбында балалар мен білім алушы жастарды рухани-адамгершілік дамыту мәселелеріне арналған «Өзін-өзі тану – бақытты өмір жолы» тақырыбында Республикалық қоғамдық форум өткізілді.

Форумның қатысушыларына Сара Алпысқызының үндеуі ұсынылды. Үндеуде «Өзін-өзі тану» Бағдарламасын ілгерлетудің, балалар мен оқушы жастарды Мейірімділік пен Әділдік мұраттары негізінде тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, ҚР білім Вице-министрі Бибігүл Амангелдіқызы Асылова қатысушыларға құттықтау алғысөзін арнады.
Форум жұмысына «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы бойынша Республикалық кеңесінің мүшелері, ҚР БжҒМ, өңірлік білім басқармаларының, КЕАҚ «АҮДҰИ», «Бөбек» ҰҒПББСО қоғамдық ұйымдардың, еріктілер қозғалысының, блогерлер аясының, БАҚ өкілдері, педагогтер, ата-аналар қатысты.
Форум барысында 20-дан астам спикерлер сөз сөйледі. Олар жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі тұстарын, жалпыадамзаттық құндылықтарды көпшілікке тарату мәселелерін, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуы аспектілерін ақпараттық қолдау маңыздылығын талқылады.
Форум қорытындылары бойынша ұсынымдар пысықталды.