Еліміздің рухани-адамгершілік білім беру жүйесінде маңызды оқиға орын алды. 2021 жылғы 16 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының филиалы ашылды.
Еліміздің рухани-адамгершілік білім беру жүйесінде маңызды оқиға орын алды. 2021 жылғы 16 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының филиалы ашылды. Алматы қаласының педагогтері үшін «Өзін-өзі тану» Бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары жақсы жабдықталған, қажетті техникамен және әдебиетпен жарақталған кабинеттерде өткізілетін болады. Филиалдың ашылуы тағы бір мүмкіндікке мұрындық болды: Институт қызметкерлері болашақ ұстаздарды дайындауда жүйелі ғылыми-әдістемелік көмек бере алады. Бұл дегеніміз «Өзін-өзі тану» Бағдарламасының дамуындағы жаңа саты болмақ!
Филиалдың салтанатты ашылу және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне белгілі мемлекеттік қызметкер, «Абай атындағы КазҰПУ» КЕ АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Г.И. Исимбаева, Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының Президенті Е.Н. Сакенова, Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Д.Н. Билялов және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
Гүлмира Истайбековна өз сөзінде Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының және Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ынтымақтастығы – бүгінгі таңда қоғамдағы жалпыадамзаттық құндылықтарды бекіту қозғалысында көшбасшы болып табылатын өзін-өзі тану педагогтерін дайындауда және олардың біліктіліктерін арттыруда жаңа сапалы амалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.