Республикалық «Жақсылыққа жаралған жүрек» әлеуметтік жобалар фестиваліне қатысу үшін Республика бойынша 5-11 сынып оқушыларынан 150-ден астам жұмыстар жіберілді.
«ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАРАЛҒАН ЖҮРЕК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ФЕСТИВАЛЬІНІҢ ФИНАЛИСТЕР ТІЗІМІ АНЫҚТАЛДЫ
Республикалық «Жақсылыққа жаралған жүрек» әлеуметтік жобалар фестиваліне қатысу үшін Республика бойынша 5-11 сынып оқушыларынан 150-ден астам жұмыстар жіберілді.
Оқушылардың өтінімдері мен байқау жұмыстары15 қарашаға дейін келесі бағыттар бойынша қабылданды:
1.«Бастамалар-оқушыларға» (білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру мекемелерінде, әлеуметтік мекемелерде іске асырылатын жобалар, мектеп жанындағы аумақты абаттандыру);
2.«Сәбилер әлемі» (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, балалар үйлерінде, ерте даму орталықтарында іске асырылатын жобалар);
3.«Адамдарға қуаныш» (Ардагерлер мен мүгедектер үйлерінде, әлеуметтік қорғау мекемелерінде жүзеге асырылатын жобалар);
4.«Бастамалары - қалаға» (қала/ ауыл тұрғындары үшін іске асырылатын жобалар);
5.«Ерлік, қайрат, даңқ туралы» (ардагерлерге, Ұлы Отан соғысының балаларына, тыл қызметкерлеріне бағытталған жобалар);
6.«Салауатты ұлт үшін» (спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде іске асырылатын жобалар);
7. «Туризмді дамытамыз» (өз қаламызда/ауылымызда туризмді дәріптеу жобалары);
8. «Таза қала/ауыл» (экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі жобалар).
Байқау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша фестивальдің финалистері анықталды.