Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1 желтоқсан – еңсемізді езген тас бұғаудан босап, ұлт болып ұйысып, ұлы сапарда ұлысты бастап жүретін көшбасшымызды – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сайланған күн. Осы күні біздің тарихымыздың жаңа тарауы ашылды. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Соның арқасында, мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы асқақтап, не бары 30 жылдың ішінде әлемнің алпауыттарының өзі санасатын, келіп кеңесетін іргелі елге айналдық. Бүгінгі Қазақстан айдарынан жел ескен, жас болса да жасампаздығымен ерекшеленген тұрақты мемлекет. Мұның барлығы Тәуелсіздікті тұғырына қондырып, елдің еңсесін тіктеген Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз – Н.Ә.Назарбаевтың еселі еңбегінің, сындарлы саясатының жемісі.
Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!
Мереке баршаңызға құтты болсын!