Әлемде коронавирус індетті тараған
сәтте әр мемлекет бір бірін қолдау мақсатында гуманитарлық жүктерін жөнелтуде.
Осындай жүк тасымалы бүгін «Құрық Порты» Теңіз айлағы арқылы өткізілді.
Дәліресек Грузия еліне тиесілі мемлекеттік жүгі бар автокөліктер Өзбекстанға қарай бағыт алуда. Гуманитарлық жүк
көліктері арқылы көршілес Өзбек еліне медициналық маскалар жеткізіледі. Коронавирус
пандемиясына байланысты кешенді шаралар аясында Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешіміне сәйкес «Құрық порты» айлағына келетін жүк
көліктері кіретін кезде
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілген. Айта кетсек жүк автокөліктерінің
сыртына жабдықтарымен залалсыздандыратын өңдеу жүргізіледі. Теңіз кемелерінің
экипаж мүшелеріне «Құрық» портының аумағына шығуына тыйым салынған. Санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау нәтижелері алынғанша қол жүгі
мен жүктерді түсіруге тыйым салынған. Осынай санитарлық
шаралары сақталған соң барып
гуманитарлық жүк көліктері өткізілді.