Ақтау қаласы, «Caspian Rivera» қонақ үйінде ЖШС «ҚҰРЫҚ ПОРТЫ» үлкен көлемде жаңа жылдық қойылым ұйымдастырды.

25 желтоқсан, 2019

Айтакетерлігі, бұл шараға Қарақия ауданының мүмкіндігі шектеулі 300 ге жуық баласы
қатысып, көңіл көтерді. Қойылымнан әр бала жаңа жылдық ерекше әсер алды.
«Қайыр қылсаң — бүтін қыл» деген ұранды ұстанған ЖШС «ҚҰРЫҚ
ПОРТЫ» бас директорының орынбасары Талғат Оспанов бүлдіршіндерді жаңа
жылмен құттықтап, шара соңында әр бүлдіршінге сыйлықтар табыстады.
.
«Бұл мерекені барша халық, соның ішінде бүлдіршіндер ерекше асыға күтеді.
Оларға жаңа жылдық керемет көңіл-күй сыйлау біздің басты міндетіміз. Мүмкіндігі
шектеулі балаларға жылы жүрекпен қамқорлық білдріп, жылулық сыйлай алсақ, бұл
біздің мекеме үшін үлкен қуаныш! Жаңа жыл баршаңызға жақсылығымен келсін.
Табысты болайық!», деп сөзін түйіндеді ЖШС «ҚҰРЫҚ ПОРТЫ» бас
директорының орынбасары Талғат Оспанов.

Фотогалерея

slide
slide
slide