Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет

03 қараша, 2022

Құрық теңіз портына қызмет көрсету полициясы желілік бөлімінің бастығы полиция майоры Ержан Қалдыбаев қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жан-жақты көмек көрсетіп жүрген полицияның қоғамдық көмекшілеріне куәлік табыстады.

Құрық теңіз портына қызмет көрсету бойынша полицияның желілік бөлімі ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, қоғамда құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қоғамдық тәртіпті қорғауға құқық қорғау органдарының 4 өкілі қатысады. Бұл Құрық теңіз портының күзет құрылымдары мен әскерилендірілген темір жол күзеті. Ішкі істер органдары қоғамдық көмекшілерінің көмегі арқасында қоғамдық тәртіпті қорғауда бірлескен профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Фотогалерея

slide